Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жыртқыш интсинкті бар": Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі басты қиындығы белгілі болды

Опубликовано:

Шавкат Рахмонов жекпе-жек
Фото: newsroom.kz

UFC-де жартылай орта салмақта өнер көрсететін Шавкат Рахмонов (14-0) промоушендегі үшінші айқасын 2022 жылдың ақпанында өткізуі ықтимал. Бұл туралы The AllStar YouTube арнасына берген сұхбатында спортшының менеджері Саят Әбдірахманов айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Рахмонов өте талантты екені анық. Жыртқыштың инстинкті бар және әмбебап - күресе де алады, тік тұрып та жұдырықтасады. Өз салмағындағы ең бойшаңдардың бірі.

Ол топ-15 рейтингке кіруге дайын. Жарнамаланып жүрген өзге файтерлерге қарағанда алғашқы айқастарында мықтырақ қарсыластарды жеңген.

Қиындықтың бірі - бұл, әрине, ағылшын тілін білмеуі. Өзге қиындығы - ол әлі де UFC-ге үйренісуде. Дегенмен оны асықтырғым келмейді, бір-екі жекпе-жектен кейін өзін судағы балықтай сезіне бастайды. Оның болашағы зор.

Оған ақпанға жекпе-жекке шығу ұсынылды. Біз қарсыластың жауабын күтіп отырмыз. Ол келісе салысымен, келісімшарт жасаймыз да, жекпе-жек туралы құлақтандырамыз.

Әзірге бұл қарсылас та промоушендегі жолын екі жеңістен бастағанын ғана айта аламын", - дейді менеджер. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938573-zyrtqys-intsinkti-bar-savkat-raxmonovtyn-ufc-degi-basty-qiyndygy-belgili-boldy/

pixel