RU

Теңге және доллармен: БҚО тұрғыны тергеу бөлімінің бастығына пара бермек болған

Polisia.kz.
Фото: Polisia.kz.

БҚО-да Бәйтерек ауданының тұрғыны жеке мәселесін ақша беру арқылы шешуге тырысқан деп хабарлайды Polisia.kz.

Дарьинск ауылында жалған құжаттар дайындаған күдікті Приурал ПБ тергеу бөлімінің бастығына келіп, Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылмау үшін оған 300 мың теңге және 50 АҚШ доллары мөлшерінде пара бермек болған.

"Аталған эпизод полиция қызметкерлерінің барлық кабинеттерінде орнатылған бейнебақылау камераларымен тіркелген. Тергеу бөлімінің бастығы оқиға туралы дереу баянат жазып, пара берушіні ұстады. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 367-бабы (Пара беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожин.

Полиция департаменті лауазымды тұлғаға пара беру қылмыстық әрекет екенін және ол үшін заң бұзушы жазаланатынын ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938580-tenge-zane-dollarmen-bqo-turgyny-tergeu-boliminin-bastygyna-para-bermek-bolgan/