RU

Бір пәтерді бірнеше адамға сатып жіберген шымкенттік алаяқ ұсталды

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шымкентте бір пәтерді бірнеше адамға сатып жіберген алаяқ анықталды деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қазанда Абай аудандық полиция бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны арызданады.

Ол өз арызында белгісіз азамат үйін 16 000 АҚШ долларына сатып алып, алайда аталған пәтерді заңсыз бірнеше адамдарға алаяқтық жолмен сатып жібергенін жазып көрсеткен.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Осы жайтқа байланысты алаяқтық қылмысын ашу мақсатында полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтап, оны бөлімшеге жеткізді. Жұртты алдаған алаяқ жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, ұсталған азамат тұрғыннан алдау жолымен алған ақшаны өзінің қажеттілігіне жаратып жіберген.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938581-bir-paterdi-birnese-adamga-satyp-zibergen-symkenttik-alayaq-ustaldy/