Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар тұрғыны әйелінің кешкі асы дайын болмағаны үшін шу шығарған

Опубликовано:

удар
Көрнекі сурет: Pixabay.com

Үйіне жұмыстан кеш оралған Павлодар тұрғыны кешкі асы дайын болмағаны үшін шу шығарды. Қатты ұрыс-керістен мезі болған отбасының көршілері полиция шақырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасай отырып.

Түнгі сағат екіде Павлодардағы полиция бөліміне шағым келіп түскен. Назарбаев даңғылында тұратын көпқабатты үйлердің бірінде ер адам әйелін ұрып-соғуы мүмкін, деп мәлімдеген шағымданушылар. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары аталған ұрыс-керістің тура үстіне түскен.

"Тәртіп сақшыларына есікті ер адам ашқан. Артында әйелі жылап тұрды. Полиция қызметкерлерін көріп, пәтер иесі сабырға келіп, әйелі жұмыстан шаршап келгенде тамақ әзірлемегені үшін ұрыс шығарғанын жеткізген", - дейді Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Нәтижесінде, ер адам әйелді ұрмағаны анықталды. Ұрыс-керіс тек қана айқаймен аяқталған. Алайда мұның өзі полиция тарапынан отбасылық қарым-қатынаста заңға қайшы әрекет жасағаны үшін ер адамға қатысты хаттама толтыру үшін жеткілікті болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938592-keski-asy-daiyn-bolmagany-usin-pavlodar-turgyny-aieline-soiqan-sygardy/

pixel