227-і Алматы қаласынан: Елімізде бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Опубликовано:

дерт-індет01
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайға қатысты соңғы мәліметтер жаңарды. Оған сәйкес, өткен тәулікте 1677 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz/kz.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 165
  • Алматы қаласы - 227
  • Шымкент қаласы - 48
  • Ақмола облысы - 136
  • Ақтөбе облысы - 44
  • Алматы облысы - 131
  • Атырау облысы - 34
  • Шығыс Қазақстан облысы - 70
  • Жамбыл облысы - 29
  • Батыс Қазақстан облысы - 49
  • Қарағанды облысы - 153
  • Қостанай облысы - 133
  • Қызылорда облысы - 30
  • Маңғыстау облысы - 13
  • Павлодар облысы - 234
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 146
  • Түркістан облысы - 35.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 928 211-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 1863 адам дерттен жазылып шыққан.

Қазір елімізде 50 683 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 8 741 пациент стационарда, 41 942 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

633 адамның жағдайы ауыр, 172 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 112 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938604-227-i-almaty-qalasynan-elimizde-bir-taulikte-qansa-adam-koronavirus-zuqtyrgany-belgili-boldy/