Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 1500-ге дейін азайды
Опубликовано:

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы мәліметтер жаңарды. Оған сәйкес, өткен тәулікте 1573 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz/kz.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 157
- Алматы қаласы - 231
- Шымкент қаласы - 21
- Ақмола облысы - 134
- Ақтөбе облысы - 25
- Алматы облысы - 137
- Атырау облысы - 24
- Шығыс Қазақстан облысы - 102
- Жамбыл облысы - 25
- Батыс Қазақстан облысы - 35
- Қарағанды облысы - 142
- Қостанай облысы - 112
- Қызылорда облысы - 26
- Маңғыстау облысы - 17
- Павлодар облысы - 230
- Солтүстік Қазақстан облысы - 140
- Түркістан облысы - 15.
Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 929 784-ге жетіп отыр.
Сонымен қатар, өткен тәулікте 1 176 адам дерттен жазылып шыққан.
Қазір елімізде 50 923 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 9 004 пациент стационарда, 41 919 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
636 адамның жағдайы ауыр, 160 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 110 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938667-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-1500-ge-deiin-azaidy/