Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бердімұхамедов Тоқаевқа Ахалтеке арғымағы мен түрікмен тазысының күшігін сыйлады (видео)

Опубликовано:

кадр
Видеодан кадр: Берік Уәлидің Facebook парақшасынан. Коллаж KAZ.NUR.KZ

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ахалтеке арғымағы мен түрікмен тазысының күшігін сыйға тартты.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Ашхабадтағы жылқы кешенін аралап көру барысында Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды Ахалтеке арғымағын сыйлады.

Бұдан бөлек, еліміздің басшысына түрікмен тазысының күшігін сыйға тартты", - дейді Берік Уәли.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша 24 қазанда мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барған еді.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің мәліметінше, сапар барысында екі ел делегациясының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді.

Одан бөлек, тараптар қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді қарастырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1938706-berdimuxamedov-toqaevqa-axalteke-argymagy-men-turikmen-tazysynyn-kusigin-syilady-video/

pixel