RU

Қырғызстанда әйгілі кафе желісінен ролл жеген 85 адам уланып қалды

Ролл
Көрнекі фото: pixabay.com

Қырғызстанда әйгілі кафе желісінен ролл жеген 85 адам медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады 24.kg.

Ведомствоның мәліметінше, 25 қазан күні таңертең Теміржол ауруханасының инфекциялық бөліміне жүгінген адамдар саны 85-ке жеткен.

23-24 қазан күні тамақтан уланған, медициналық көмекке мұқтаж жандар саны 12 болған. Олардың үшеуі бала.

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталығының тамақтану гигиенасы бөлімінің меңгерушісі Махамат Мурзашевтің айтуынша, зардап шеккендер кафенің әртүрлі ауданда орналасқан төрт желісінен ролл жеген.

Еске салайық, осыған дейін Қырғызстанда бір күнде 120 адам жылқы етінен уланып қалғанын жазған едік. Олардың барлығы 10 қазан күні Созақ ауданының Бек-Абад ауылында өткен тойға барған.

Жалал-Абад облысы ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі тойды 57 жастағы ер адам өткізгенін хабарлады. Ол 9 қазанда жылқы сойған, ал 10 күні мереке өткен. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938726-qyrgyzstandagy-aigili-meiramxana-zelisinen-roll-zegen-85-adam-ulanyp-qaldy/