Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жол апатынан зардап шеккен автобус жолаушысы ауруханаға түсті

Опубликовано:

1
Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_kz

Алматыда автобус бағанаға соқтығысып, бір жолаушы зардап шекті. Оқиғаға қатысты қалалық полиция депратменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген кадрлар Instagram желісіндегі kris_p_kz парақшасында жарияланды. Онда автобустың бағанаға соғылғанын анық байқауға болады.

Алматы қалалық полиция департаменті жол апаты 23 қазан күні кешке болғанын хабарлады.

Автобус жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығысқа қарай кетіп бара жатқан. Тұрғұт Озал көшесінің қиылысында ол рөлге ие бола алмай, бағанаға соқтығысқан. Салдарынан автобустағы бір жолаушы зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

Жол апатының мән-жайын Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр, деп атап өтті қалалық ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Айта кетейік, осыған дейін Қордай ауданындағы тас жолда көлік жүргізушісі жылқыны қағып кеткенін хабарлаған едік.

Тараздан Алматыға бара жатқан "Тойота Камри" маркалы автокөлігінің жүргізушісі "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" тас жолының 171- шақырымында жол апатына түскен. Ол оқиға орнында көз жұмды. Тағы 2 жолаушы Қордай ауылының орталық аудандық ауруханасына түрлі дене жарақатымен жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938762-almatyda-zol-apatynan-zardap-sekken-avtobus-zolausysy-auruxanaga-tusti/

pixel