Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вакцина салдырған қазақстандықтар арасында Мальдивке жолдама ойнатылады

Опубликовано:

Мальдив аралдары
Көрнекі фото: piqsels.com

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа қарсы вакцина алғандар арасында Мальдивке екі адамға жолдама және басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Ұтыс ойынына 25 қазан мен 25 желтоқсан аралығында (25 желтоқсанды қоса алғанда) вакцинаның I компонентін алған тұрғындар қатысады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ұтысқа қатысу автоматты түрде өтеді, азаматтарға құжаттарды толтырып, тіркелудің қажеті жоқ. Мальдивке екі адамға арналған жолдаманың және басқа да бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) тікелей эфирінде өтеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін елорда әкімдігі демеушілермен бірлесіп коронавирусқа қарсы вакцинацияланғандардың арасында екі бөлмелі пәтер, автокөлік, 20-дан астам iPhone12, тұрмыстық техника және басқа да бағалы сыйлықтар ойнатқан еді.

Birge платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін (https://birge-elorda.kz/nur-sultan) арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол жүлде иелерін вакцинацияланғандардың ID генерациясы арқылы таңдайды. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Вакциналанғандар бойынша сервис денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындары азаматтарды вакцинациялауға ынталандыру мақсатында өткізіледі. Тек вакцинация сіздің және жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.

Өйткені, басты мақсат - ұжымдық иммунитетті қалыптастыру және бұрынғы карантинге дейінгі режимге оралу.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938790-vakcina-saldyrgan-qazaqstandyqtar-arasynda-maldivke-zoldama-oinatylady/

pixel