RU

БҚО-да орманнан 2 ай бұрын жоғалған әйелдің бас сүйегі мен қаңқа қалдықтары табылды

Орман
Көрнекі фото: pexels.com

Осыдан екі ай бұрын Батыс Қазақстан облысының полиция бөлімшесіне әйелдің жоғалғаны туралы ақпарат келіп түскен еді. Бүгінде оның қаңқа қалдықтары Желаево ауылы маңындағы орман массивінен табылғаны белгілі болды.

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, із-түссіз жоғалған келіншекті іздеуге Орал полиция басқармасының барлық жеке құрамы жұмылдырылған деп жазады NewTimes.kz.

Ал 3 қазан күні сағат 17:30 шамасында орманда саңырауқұлақ теріп жүрген дүкен қызметкері адамның бас сүйегі мен қаңқа қалдықтарын тапқан.

Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары адамның, болжам бойынша әйел қаңқасының қалдықтары Жайық өзенінің жанындағы құм өндіру карьерінің маңынан табылғанын анықтады.

"Қаңқа қалдықтары сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Нәтиже шыққан соң өлім себебі белгілі болады",- деді құқыққорғаушылар.

Із-түссіз жоғалған келіншектің туыстары оның заттарын таныды. Тіс дәрігерлері мәйіт пен өз пациентінің тістерін салыстырып, бірдей екенін растады. Аталған фактіге қатысты тергеу жұмыстары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938798-bqo-da-ormannan-2-ai-buryn-zogalgan-aieldin-bas-suiegi-men-qanqa-qaldyqtary-tabyldy/