Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда 2 млн теңге бопсалаған күдіктілердің ұсталған сәті видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодан алынған кадр: БҚО ПД

Батыс Қазақстан облысының полицейлері 2 миллион теңге бопсалаған күдіктілердің ұсталғаны туралы хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Күдіктілердің ұсталған сәті видеоға түсіп қалған. Ұстау операциясын қаруланған арнайы жасақ жүргізді. Содан кейін жедел қызметкерлер шетел валютасындағы үлкен соманы қайта есептеді.

БҚО полиция департаментінде хабарлағандай, тұтқындау 22 қазанда Орал қаласындағы Шолохов көшесіндегі көлік кешендерінің бірінде жүргізілген. Тінту кезінде заттай айғақтар алынды.

"Арнайы операция Ұлттық қауіпсіздік департаменті қызметкерлерінің қолдауымен жүргізілді. Ірі көлемдегі ақшаны алу кезінде 35 және 41 жастағы Орал қаласының екі тұрғыны ұсталды. Олар 40 жастағы қала тұрғынынан 2 миллион теңге бопсалаған", – деді БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығының міндетін атқарушы Ернар Есдәулетов.

Полицейлер арнайы операцияны дайындау барысында жедел-іздестіру шараларының кешені жүргізілгенін, оның барысында ұсталғандардың қылмыстық әрекеттерінің басқа эпизодтары белгілі болғанын атап өтті.

Қазір тергеушілер олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938819-oralda-2-million-tenge-bopsalagan-kudiktilerdin-ustalgany-videoga-tusip-qaldy/

pixel