RU

Көкшетаудағы моншада 3 бала уланып қалды

Жедел жәрдем1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көкшетаудағы монша кешенінде 7, 9 және 17 жас аралығындағы үш бала уланып қалды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 23 қазанда болған.

"Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасына "химиялық затпен улану" диагнозымен 7, 9 және 17 жастағы кәмелеттік жасқа толмаған үш бала жеткізілді. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің 306-шы бабының 2-бөлігі "...қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", – деді ведомстводан.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін желіде оңтүстік астанадағы бассейндердің бірінде 11 бала уланды деген ақпарат пайда болған еді. Бұл ақпаратты Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады.

Бұл жағдайға қатысты бассейн әкімшілігі түсініктеме берді.

Мекеме хабарлағандай, 17 бала бассейнде шомылып жүргенде, мөлшерлеу-дезинфекциялау бекетіндегі ақаудың салдарынан құрамында хлор бар дезинфекциялаушы зат бөлінген. Бассейн қызметкерлері мұны бірден байқап, балалардың судан шығуына көмектесті. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938843-koksetaudagy-monsada-3-bala-ulanyp-qaldy/