RU

Лауазымды тұлға ретінде танысқан: Қарағандыда шетелдік азаматша бірнеше адамды сан соқтырды

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қарағандыда ақшаға Чехия азаматтығын, Қазақстанда тұруға ықтиярхат және жүргізуші куәлігін алып беремін деп шетелдіктерді алдап кеткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жалған жұмысшы сотталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазыбек би аудандық сотының үкіміне сілтеме жасап.

Қарағандыда тұратын 34 жастағы бұрын сотталған Әзірбайжан азаматшасы өзін шетелдіктерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері ретінде таныстырып, ақшаға Чехия, Қазақстан азаматтығын немесе басқа да қажетті құжаттарды рәсімдеуге уәде береді. Оның қақпанына бірінші болып әлеуметтік желідегі кездейсоқ адам түсіп, алаяқ 2,9 миллион теңгеге бейтаныс пен оның бала-шағасына Чехия азаматтығын рәсімдеп бере алатынына сендірген.

Кейін жәбірленуші оны Қазақстанға тұрақтағысы келген достарымен таныстырады. Азаматша оларға елде тұруға ықтиярхат жасап беруге уәде берген.

Барлығын қоса алғанда жалпы "қызметтері" үшін ол төрт адамнан 7 миллионнан астам теңге алды, содан кейін жәбірленушілер хабарласқанда "әне дайын болады, міне дайын болады" деп, ертеңі бітпеген. Өзі де осы кезде Таразға қоныс аударыпты.

Алданған шетелдіктер полицияға жүгінген. Нәтижесінде әйел адам ұсталды. Оған бірнеше рет ірі көлемдегі алаяқтық эпизодтары мен лауазымды тұлғаның атағын ерікті түрде алғаны үшін айып тағылды.

Сотқа дейінгі тергеу кезінде ол бұрын да осындай қылмыстар үшін жауапқа тартылып, жазасын өтегені белгілі болды. Ол өткен жылдың сәуір айында бостандыққа шыққан және мамыр айында жаңа алаяқтықтың бірінші эпизодын жасаған.

Ұсталғаннан кейін сотталушы жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеген. Сотта олар оның қатаң жазалануын талап еткен жоқ. Осыны ескерген сот оны 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938852-lauazymdy-tulga-retinde-tanysqan-qaragandyda-seteldik-azamatsa-birnese-adamy-san-soqtyrdy/