RU

Алматыда мектепте балоннан шашылған уыттан бірнеше оқушы зардап шекті

оқушы
Көрнекі фото: qazaqstan.tv

Алматыда 6-сынып оқушысы мектепте жеке қорғанысқа арналған баллоннан бұрышты уыт шашу салдарынан бірнеше адам зардап шекті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған ақпарат жедел басқару орталығына бүгін кешкі сағат 17: 25 минутта келіп түсті. Әуезов ауданындағы орта мектептердің бірінде 6-сынып оқушысы – 2009 жылы туған К. есімді бала үзіліс кезінде жеке қорғанысқа арналған шағын баллоннан бұрышты уыт шашты.

Салдарынан төрт мектеп оқушысы мен білім беру мекемесінің тазалық қызметшісі медициналық көмекке жүгінді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938856-almatyda-mektepte-balonnan-sasylgan-uyttan-birnese-oqusy-zardap-sekti/