RU

Тоқаев Түрікменстанның тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды (фото)

Қасым-Жомарт Тоқаев гүл шоғын қоюда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа мемлекеттік сапарының соңында Түрікменстанның тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды деп хабарлайды Ақорда.

Тәуелсіздік монументі түрікменнің дәстүрлі киіз үйі бейнесінде салынған. Монументтің айналасында Түрікменстан билеушілері мен әскери жетекшілерінің, ойшылдары мен өнер қайраткерлерінің мүсіндері қойылған.

Қазақстан Президенті дәстүр бойынша Түрікменстанның жүргізіп отырған бейбітшілік, достық және тату көршілік саясатын білдіретін құрметті қонақтар аллеясына тал екті.

Қасым-Жомарт Тоқаев гүл шоғын қоюда
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанда
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев тал егуде
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938860-toqaev-turikmenstannyn-tauelsizdik-monumentine-gul-sogyn-qoidy-foto/