Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада жолаушылар автобусы өртеніп кетті (видео)

Опубликовано:

Елордадағы өрт
Видеодан кадр: Instagram/astanovka98

Нұр-Сұлтан қаласында жолаушылар автобусынан өрт шықты. Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Төтенше жағдай сағат 18:44-те Байқоңыр ауданы Кравцов көшесі 9а мекенжайында орын алған. "Целинный" мөлтекауданы аялдамасында жолаушылар автобусы өртеніп кеткен.

"Ивеко" маркалы №28 қалалық маршруттың қозғалтқышынан өрт шыққан. Жолаушылар дереу автобустан түсіріліп, өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ" , - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге ТЖД-нің 7 қызметкері және 1 техника жұмылдырылған. CTS компаниясының баспасөз қызметі оқиға орнында ТЖ қызметкері тексеру хаттамасын жасап, жүргізушіден түсініктеме алғандығын хабарлады.

Іс материалдары өрт-техникалық зертхананың сараптама бөліміне жіберілді. Аталған маршруттық көлік бүгін таңертең рейс алдындағы техникалық байқаудан өткен.

Соңғы техникалық тексеру 27 мамырда жүргізілген.

Айта кетейік, барлық автобустар әр 6 ай сайын жалпы техникалық тексеруден өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938862-elordada-zolausylar-avtobusy-ortenip-ketti-video/

pixel