Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жалаң аяқ қуып шыққан": Павлодарда сіңлісін үйден қуып жіберген әйел ұятқа қалды

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: dp.ua

Павлодар тұрғыны сіңлісін күннің суығына қарамастан, жалаң аяқ күйінде үйден қуып жіберген. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп жазады pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйел адам үйдің кілттерін алып, сіңлісін қуып шыққан.

"Зардап шеккен тұрғын академик Шөкин көшесіндегі үйдің кіреберісінің жанында жалаң аяқ, үй киімінде тұрғанын айтты. Көрсетілген мекенжайға келген полицейлер қызбен бірге пәтерге көтерілді. Әпкесі полиция қызметкерлеріне өзінің эмоциясын жеңе алмағанын айтып, сіңлісінен кешірім сұрай бастады", - деді департаментте.

Полиция шабуыл жасау және қорлау фактісіне жол бергені үшін әйел адамды ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салды.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері енді қайтып осындай әрекетке жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938872-zalan-ayaq-quyp-syqqan-pavlodarda-sinlisin-uiden-quyp-zibergen-aiel-uyatqa-qaldy/