RU

Нұр-Сұлтан наурыз айынан бері алғаш рет "қызыл" аймақтан шықты

Көше маска1
Көрнекі фото: NUR.KZ

26 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram-дағы ресми арнасы жариялады. Бұл мәліметтерге сәйкес, Алматыдан кейін Нұр-Сұлтан "қызыл" аймақтан шықты.

Нұр-Сұлтан қаласы эпидахуалды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақтан "сарыға" өтті.

Елорда "қызыл" аймақтан жеті ай бойы – 10 наурыздан бері шыға алмай келген болатын.

Алматы қаласы да жақында ғана 10 наурыздан бері алғаш рет "қызылдан" "сары" аймаққа өткен.

Нәтижесінде:

  • "Қызыл" аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
  • "Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.
  • "Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.

Еске сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1353 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938897-nur-sultan-nauryz-aiynan-beri-qyzyl-aimaqtan-algas-ret-syqty/