Нұр-Сұлтан наурыз айынан бері алғаш рет "қызыл" аймақтан шықты
Опубликовано:

26 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram-дағы ресми арнасы жариялады. Бұл мәліметтерге сәйкес, Алматыдан кейін Нұр-Сұлтан "қызыл" аймақтан шықты.
Нұр-Сұлтан қаласы эпидахуалды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақтан "сарыға" өтті.
Елорда "қызыл" аймақтан жеті ай бойы – 10 наурыздан бері шыға алмай келген болатын.
Алматы қаласы да жақында ғана 10 наурыздан бері алғаш рет "қызылдан" "сары" аймаққа өткен.
Нәтижесінде:
- "Қызыл" аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
- "Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.
- "Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.
Еске сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1353 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938897-nur-sultan-nauryz-aiynan-beri-qyzyl-aimaqtan-algas-ret-syqty/