Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда колледжде оқитын үш студент қыз төбелесіп қалды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ

Атырауда колледжде оқитын үш студент қыз төбелесіп қалды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау бизнес және құқық колледжі директорының орынбасары Назерке Қожабаеваның айтуынша, студенттер арасындағы жанжал 19 қазанда болған. Әуелі екі қыз бір-бірімен төбелесіп қалған. Кейін төбелеске үшінші қыз араласқан. Қыздардың төбелесін колледждің оқытушылары мен студенттері тоқтатқан.

"Студенттер сабақтан кейін, түскі мезгілде төбелескен. Біз төбелеске қатысқан студенттердің ата-анаcын шақырып, жиналыс өткіздік. Бірінші курс студенттерімен де түсінік жұмыстары жүргізілді. Психолог студенттермен жеке әңгімелесті", – дейді Назерке Кожабаева.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 жасөспірімнің ата-анасына ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 435-бабымен хаттама толтырылған. Жинақталған іс құжаттары Атырау облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1938905-atyrauda-kolledzde-oqityn-us-student-qyz-tobelesip-qaldy/

pixel