Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар жүрілген көліктерді бірнеше минуттың ішінде несиеге ала алады

Опубликовано:

Eurasian Bank
Фото: Eurasian Bank

Қазақстандықтар жүрілген көліктерді енді бірнеше минуттың ішінде онлайн режимде рәсімдей алады. Еуразиялық банк уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретін және несиенің мақұлдануын да барынша жеңілдететін жаңа қызметті іске қосты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көлік алу үшін car.eubank.kz сайтындағы шағын анкетаға таңдаған көлігіңіздің маркасы мен моделін, шыққан жылы және бағасын жазып, толтыру арқылы өтініш жазу қажет.

Бұдан соң автоматты түрде бастапқы жарна сомасы есептеледі. Алайда сатып алушы бұл соманы өз бетінше арттыра алады. Барлық жолдарды толтырып болған соң, ЖСН-ді және телефон нөмірді жазғаннан кейін SMS түрінде келетін қысқа санды кодтың көмегімен кіру қажет. Артынша жеке куәлік суреті мен өтініш берушінің түрін видео сәйкестендіргіштен өткізеді.

Толтырылған деректердің растығын тексеріп болған соң, банк клиенті ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойып, деректерді жинау және өңдеуге рұқсат беретінін растау қажет. Анкетаны толтыруға және банктің шешім шығаруына санаулы минуттар ғана кетеді. Сатып алушыға Еуразиялық банк қызметкері бірден хабарласып, бұдан кейін не істеу керектігін айтады.

Несиені банк мақұлдаған соң, қызметкер сатып алушы мен сатушыны заңдық тұрғыдан тексеріп, көліктің техникалық жағдайын бағалау мақсатында Арнайы ХҚКО аумағында орналасқан техникалық қызмет көрсету бекетіне шақырады. Жуық арада автомобиль мен кепілді тіркеуді де онлайн түрде жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Eurasian Bank
Иван Белохвостиков. Фото: Eurasian Bank
"Біз процесстің барлығын цифрлық режимде жүзеге асыру үшін мұны жыл соңына дейін қолға алуға тырысамыз. Еуразиялық банк оффлайн-автонесие бойынша көш бастап тұр, сондықтан біз үшін цифрлық несиелеуде де алғашқы орындарға шығудың маңызы зор. Онлайн-автонесиелер - біздің соңғы бастамамыз емес. Қазақстандықтарға арнап цифрлық технологиялар мен жаңа қызметтерімізді дамытуды әлі де жалғастырудамыз", - деп мәлімдеді банктың басқарма төрағасының орынбасары Иван Белохвостиков.

Оның айтуынша, жаңа қызмет түрі жүрілген көліктерді несиелеу және сатып алу процесін жеңілдетуге, клиенттің несие алу қадамдары мен банктің шешім қабылдау жылдамдығын оңтайландыруға мүмкіндік бермек. Мәселен, бұрын көлік құралын сатып алғысы келетін адам бұл процеске екі-үш күн уақытын жұмсаса, қазір бір-екі сағаты ғана кетеді.

Eurasian Bank
Фото: Eurasian Bank

Еуразиялық банктен жүрілген көліктерді онлайн-несиелеудің алғашқы клиенті - алматылық Камила жаңа қызмет түрі туралы өзінің пікірімен бөлісті.

"Бұл қызмет туралы мен өткен аптада интернеттен оқып, білдім. Онлайн-несиелеу процесі тез әрі жеңіл болып шықты, ал үш қадамнан тұратын өтініш беру рәсімі де бірнеше минутқа ғана созылды. Артынша менеджер хабарласып, ары қарай не істеу керектігін айтты", - дейді бойжеткен.
Eurasian Bank
Фото: Eurasian Bank

Бұл ретте жүрілген көліктерді цифрлық несиелеуді таңдаған барлық клиентке Еуразиялық банк сыйлық береді – несиенің барлық мерзіміне КАСКО сақтандыруы.

Клиент сатып алғысы келетін көлікті өзіне ыңғайлы кез келген әдіспен әрі кез келген алаңқайдағы хабарландыру бойынша таңдай алады. Көлікке қойылатын жалғыз талап оның қолданыста болу мерзіміне қатысты – несие алу кезінде көліктің "жасы" 20 жылдан аспауы керек.

Eurasian Bank
Юрий Соснюк. Фото: Eurasian Bank

Автонесиелерге арналған цифрлық өнімдер жетекшісі Юрий Соснюк атап өткендей, онлайн несиені мақұлдау түпкілікті шешім болып табылады, яғни ақша соңғы сәтте берілмей қалуы мүмкін деп алаңдаудың қажеті жоқ. Дегенмен, қаражат сатып алушымен келісім жасалып, оған кілт табысталғанға дейін арнайы есепшотта сақталады. Бұл қауіпсіздікті сақтау және жосықсыз сатушылардан қорғауға бағытталған шара.

Бүгінгі таңда несие сомасы 15 миллион теңгеге дейінгі қаражатты құрап отыр, ал несиенің максималды мерзімі – 7 жылға дейін. Сондай-ақ, көліктің неғұрлым жаңа және бастапқы төлемнің неғұрлым көп болуына қарай, 22%-дан (СЖТМ 30,5%-дан) басталатын сыйақы мөлшерлемесі де соғұрлым төмен болатынын атап өткен жөн.

* ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылғы 3 ақпандағы № 1.2.68/242/40 лицензиясы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1938921-qazaqstandyqtar-zurilgen-kolikterdi-birnese-minuttyn-isinde-nesiege-ala-alady/

pixel