Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусқа қарсы ақылы вакцина қанша теңге тұрады: Алексей Цой жауап берді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрі үкімет отырысында коронавирусқа қарсы ақылы екпе төңірегінде сөз қозғады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алексей Цой ақылы екпенің болжамды бағасы туралы сұраққа әзірге жауап бере алмайтынын алға тартты.

"Мен айта алмаймын, өйткені бұл коммерциялық сегмент. Жалпы вакциналар қымбат емес. Егер басқа вакциналарды қарайтын болсақ, олар 2 мыңнан 5 мың теңгеге дейін барады. Сондықтан бұл жерде вакциналардың коммерциялық сегментте қандай бағамен сатып алынатынына назар аудару қажет", - деп түсіндірді ол.

Ол денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы негізгі дистрибьюторларға келесі жылдан бастап вакциналардың қосымша партиясын әкелу мәселесін пысықтау туралы хабар бергенін атап өтті.

Алексей Цой бұл жағдайды халықты тұмауға қарсы вакцинациялаумен салыстырды.

"Тұмауға қарсы вакцинация кезінде, мысалы, біз бір вакцинаны сатып аламыз, бірақ сонымен бірге коммерциялық нарықта балама аналогтарды ұсынуға мүмкіндік береміз", - деп сөзін түйіндеді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938939-koronavirusqa-qarsy-aqyly-vakcina-qansa-tenge-turady-aleksei-coi-zauap-berdi/

pixel