RU

Мамин вакцина салу қарқыны төмендеп кеткен өңірлерді атады

Асқар Мамин
Асқар Мамин. Фото: Ақорда

Үкімет басшысы Асқар Мамин министрлер кабинетінің отырысында өңірлерде коронавирусқа қарсы вакцинациялау қарқынын арттыруды тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Премьер-министр қазіргі уақытта елдегі КВИ бойынша эпиджағдай бақылауда екенін жеткізді. Оның сөзінше, халықты вакцинациялау жұмыстары жалғасуда.

"Қазіргі кезде барлығы 8,2 миллионнан аса адам бірінші компонентті, 7,4 миллионға жуық адам екінші компонентті алды. Өздеріңіз көріп отырғандай, вакцина егу қарқыны төмендеп отыр. Оны ұлғайту керек, әсіресе, қалып келе жатқан өңірлерді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі вакциналау мәселесін жеке бақылауға алып, оның қажетті деңгейін қамтамасыз етсін", - деді Асқар Мамин.

Сонымен қатар үкімет басшысы облыстардың, әсіресе көрші мемлекеттермен шекаралас өңірлердің әкімдеріне санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтауды, аурушаңдық деңгейін нақты бақылауды және оның өзгеруіне байланысты жедел шаралар қабылдауды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938947-mamin-vakcina-salu-qarqyny-tomendep-ketken-onirlerdi-atady/