Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жыл соңына дейін қанша адам жұмыспен қамтылады: Премьер-министр жауап берді

Опубликовано:

Жұмыс
Көрнекі сурет: pixabay.com

Премьер-министр Асқар Мамин ел экономикасының барлық саласы қалпына келіп жатқанын мәлімдеді. Айтуынша, бұл жұмыссыздық деңгейін 4,9% деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша 1 миллионнан астам қазақстандыққа жұмыспен қамту шаралары көрсетілді. Осы жылдың соңына дейін қосымша 200 мың адамды қамту жоспарланған. Бұл жоспарлар орындалады", - деді премьер үкімет отырысында.

Мамин қазір экономиканың барлық саласы қалыпқа келіп жатқанын атап өтті. Айтуынша, бұл шаралар жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеуге және оны 4,9% деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

"Өте маңызды бір мәселе – тұрақты жұмыс орындарын ашу. Биыл кемінде 440 мың жұмыс орны құрылуға тиіс. Атырау, Қарағанды және Қостанай облыстарында тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша жақсы тәжірибе бар. Қалған өңірлер де осы бағытта жұмысты жандандыруы керек", - деді ол.

Үкімет басшысы бірқатар өңірде жұмыспен қамту бағдарламаларын орындау деңгейі төмен екенін мәлімдеді. Осыған байланысты Мамин әкімдіктерге жұмысты жандандыру қажет екенін айтты.

Премьер-министр еңбек министрлігіне салалық мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен бірлесіп, экономиканың өсуі үшін кадр қажеттілігін анықтауды, сонымен қатар "Кәсіптік біліктілік туралы" заң жобасын әзірлеуді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1938948-zyl-sonyna-deiin-qansa-adam-zumyspen-qamtylady-premer-ministr-zauap-berdi/

pixel