Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда із-түзсіз жоғалып кеткен екі ағайындының бірінің денесі табылды

Опубликовано:

2
Фото: instagram.com/poiskoviki_pavlodara_vita

5 қазан күні Павлодар облысы Ақжол ауылына жақын орналасқан шаруа қожалығынан шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған қос ағайындың бірінің денесі табылды. Бұл туралы өңірдің полиция департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айта кетесек, бұған дейін жоғалған азаматтар жайлы ақпаратты еріктілер таратқан еді. Олардың мәліметінше, Бақытбек пен Қабиден Елубаевтардан 5 қазаннан бері хабар жоқ.

36 және 54 жастағы азаматтарды іздеу жұмыстарымен полицейлер де айналысқан. Бауырларының жоғалып кеткенін алғашқы болып полицияға әпкесі хабарлаған екен. Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында екеуінің де отардағы жайылымнан кетіп қалғаны белгілі болған.

"Аталған факті бойынша полицияның және шекара маңындағы өңірлердің барлық жеке құрамы дереу жұмылдырылды. Жоғалған азаматтардың мекенжайын анықтау мақсатында жедел-іздестіру тобы құрылды", - дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның дерегінше, бір айға жуық уақыттан кейін отардағы жайылымнан 20 шақырым жерден олардың бірінің денесі табылған. Ер адамның денесінен азаптау белгілері байқалмаған.

Полиция қызметкерлерінің болжамынша, марқұм ағзаның мұздауынан қайтыс болған. Екінші азаматты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939005-pavlodarda-iz-tuzsiz-zogalyp-ketken-eki-agaiyndynyn-biri-oli-kuiinde-tabyldy/

pixel