RU

Талғарда 18 жастағы жігітті қағып кетіп, ізін суытқан жүргізуші ұсталды

Көлік
Көрнекі фото: pixabay.com

Талғарда 18 жастағы жігітті қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан көлік жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді облыстық полиция департаменті.

Полиция қызметкерлері 25 қазан күні кешке көлік тізгінінде 26 жастағы жүргізушінің болғанын анықтады. Ол Талғардағы Менделеев көшесінің бойымен батысқа қарай кетіп бара жатып, 18 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Артынша оқиға орнынан кетіп қалған. 18 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмған.

Жол-көлік оқиғасы көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Қазір аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі және 347-бабы (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу және жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939028-talgarda-18-zastagy-zigitti-qagyp-ketip-izin-suytqan-zurgizusi-ustaldy/