Қазақстан ауған әйелдеріне транзиттік дәліз ұсынды

Опубликовано:

Ұшақ
Фото: Сыртқы істер министрлі

Қазақстан ауған әйелдеріне гуманитарлық транзит дәлізін ұсынды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында хабарланды.

"Қазақстан Республикасының гуманитарлық саладағы халықаралық міндеттемелеріне бейілділігін негізге ала отырып, мемлекет басшысы ауған әйел судьялары мен парламентшілері және олардың отбасы мүшелері үшін транзиттік дәліз беру туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, транзит үшінші елдерге одан әрі ұшу үшін Алматы қаласының әуежайы арқылы халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық негізде жүзеге асырылған.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан Ауғанстанға 5 мың тонна ұн мен QazVac вакцинасын жіберуді жоспарлап отырғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939034-qazaqstan-augan-aielderine-tranzittik-daliz-usyndy/