Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл" аймақтан шыққанымен карантиндік шектеулер әлі жеті күн сақталады

Опубликовано:

Астана
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласы "сары" аймаққа өткеніне қарамастан, қалада каратиндік шектеулері әлі жеті күн сақталады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевқа сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, елорда қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты наурыз айынан бері алғаш рет "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа ауысты.

Дегенмен, Ержан Байтанаев қалада шектеу шаралары әлі сақталатынын атап өтті.

"Егер өңір "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа, "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өтсе, жағдай бір апта бойы бақылауда болады. Тек жеті күннен кейін өңірдің мемлекеттік бас санитарлық дәрігері мәселені қарап, карантин шараларын жеңілдету туралы қаулы шығарады", - дейді СЭБК өкілі.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясы 1353 адамнан анықталды. Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтыру деңгейі төмендеп келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939035-nur-sultan-qalasy-qyzyl-aimaqtan-syqqanymen-karantindik-sekteuleri-ali-zeti-kun-saqtalady/

pixel