Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында жоғалған ағайындылардың тағы бірінің денесі табылды

Опубликовано:

1
Фото: instagram.com/poiskoviki_pavlodara_vita

Павлодар облысында шамамен бір ай бұрын жоғалған қос ағайындының екіншісі де өлі күйінде табылды. Бұл туралы өңірдің полиция департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның дерегінше, 26 қазан күні сағат 16.20 шамасында Ақжол ауылынан 25 шақырым жердегі алқаптан 1985 жылғы азаматтың денесі табылған.

Оның денесінде азаптау белгілері байқалмаған.

"Сараптама тағайындалды", - дейді Павлодар облысының полиция департаменті.

Айта кетейік, осыған дейін желіде екі ағайындының 5 қазанда із-түзсіз жоғалып кеткені туралы ақпарат пайда болған еді.

Олардың бірі, 54 жастағы азамат 25 қазан күні өлі күйде табылды. Болжам бойынша, марқұм ағзаның мұздануынан қайтыс болған.

Бақытбек және Қабиден Елубаевтардың ұшты-күйлі жоғалғаны туралы арыз полицияға 19 қазан күні түскен. Олар ауыл маңындағы шаруа қожалығынан 5 қазан күні шығып кеткен. Содан бері хабар болмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1939060-pavlodar-oblysynda-zogalyp-ketken-qos-agaiyndynyn-ekinsisi-de-oli-kuiinde-tabyldy/

pixel