Еліміздің сыртқы қарызын қазақстандықтардың төлейтіні рас па

Опубликовано:

теңге 1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Әлеуметтік желідегі түрлі топтарда Қазақстанның сыртқы қарызы еліміздің барлық тұрғындарының арасында бөлініп, кәмелет жасына толғандарға несие түрінде рәсімделетіні туралы ақпарат тарап жатыр. Онда бұл ұсынысты қаржы министрлігі жасағыны айтылған. Stopfake.kz сайтының хабарлауынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

Елді дүрліктірген ақпарат Instagram әлеуметтік желісіндегі qazinform24 парақшасында жарияланған.

Stopfake.kz-тің жазуынша, аккаунтта шынайы ақпарат таратылмайды. Оның профилінде тек сатиралық контент пен Қазақстан туралы фейк жаңалықтар жарияланатыны жазылған.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмекшісі Ерлан Қаринның "Қазақстанның сыртқы қарызын азаматтарға несие түрінде бөлуді елдің егемендігін сақтаудың жалғыз жолы" деп мәлімдегені туралы жаңалық та осы парақшадан тараған.

"Бұл әзіл ақпарат, сондықтан оған сенбеуге шақырамыз. Сондай-ақ, елдің сыртқы қарызын азаматтарға несие түрінде рәсімдейтіні туралы ақпарат та жалған" , - деп жазады Stopfake.kz сайты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939118-elimizdin-syrtqy-qaryzyn-qazaqstandyqtardyn-toleitini-ras-pa/