Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жұмысқа кетіп, содан бері оралмаған жігіт іздестірілуде

Опубликовано:

Бекболат Шофер
Бекболат Шофер. Фото: Ақтөбе облысының полиция департаменті

Ақтөбе полицейлері бір айдан астам уақыт бұрын жұмысқа кетіп, содан бері үйіне оралмаған 26 жастағы жергілікті тұрғынды іздестіруде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 26 жастағы Бекболат Шофер Байғанин ауданы, Жарсай ауылының тумасы, бірақ Ақтөбе қаласында тұрады.

23 қыркүйек күні сағат 08.00 шамасында ол үйінен жұмысына шығып кетіп, содан бері қайта оралмаған.

Жоғалған күні жас жігіттің үстінде көкшіл түсті күртеше, қара шалбар, аяғында ақ кроссовка мен басында қара бейсболка болған.

Бекболат Шофердің белгілері: бойы 170-175 см, арық келген, шашы қысқа, қара түсті.

Оның қайда екенін білетін адамдар 102 нөміріне хабарласуына болады.

Еске сала кетсек, 25 қазан күні Павлодар облысы Шарбақты ауданының полициясына Малиновка ауылының тұрғыны 2009 жылы туған жиені жоғалып кеткенін хабарлаған еді.

Іздеу салынған жеткіншек шөптің астында қалып қойған болып шықты. Тексеру барысында оның денесінен жарақаттар анықталмады. Баланың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939180-aqtobede-zumysqa-ketip-sodan-beri-oralmagan-zigit-izdestirilude/

pixel