Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекболат Тілеухан жаңа заң туралы: Енді көкпар мен бәйгенің тағдыры не болады

Опубликовано:

Көкпар
Көрнекі фото: talbesik.kz

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан жануарларды қорғау туралы заң жобасы талқыланған отырыста ұлттық спорт түрлері туралы сөз қозғады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мәжілістің жалпы отырысында "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.

Ол жануарларға жауыздық жасайтындарға қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті күшейтуді көздейді.

Бекболат Тілеухан талқылау кезінде экология, геология және табиғи ресурстар министрінен жаңа заң ұлттық спортқа кесірін тигізбей ме деп сұрады.

Халық қалаулысының айтуынша, ұлттық спорт жануарларға да, адамға да өте қауіпті.

"Мен бұл жерде көкпар, бәйге, асау үйретуді айтып отырмын. Заң жобасында "жануарлардың жарақат алуына, мертігуіне, олардың өлуіне әкеп соқтыратын ойын-сауық шараларын ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады" делінген. Енді ұлттық спорттың тағдыры не болмақ?", - деді мәжіліс депутаты.

Министр Серікқали Брекешев заң жобасының басты мақсаты жануарларды қатігездіктен қорғау екенін жеткізді.

"Өзіңіз айтып өткендей, жануарларға залал келтіретін ойын-сауық шараларын өткізуге тыйым салынған. Мәселен, ит төбелестіру. Ал жануарлардың қатысуымен өтетін ұлттық спорт түрлері жануарға зақым келтіруді көздемейді. Сол себепті заң жобасында жануарлардың ұлттық спорт түрлеріне қатысуына тыйым салу қарастырылмаған", - деді экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бұл норманы екінші оқылымға дейін заң жобасына жазу керек екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939205-bekbolat-tileuxan-zana-zan-turaly-endi-kokpar-men-baigenin-tagdyry-ne-bolady/

pixel