RU

"Қағып, басып өтіп кеткен": Оралда көз жұмған оқушының әкесі жол апатының мән-жайын айтты

1
Фото: NUR.KZ

26 қазан күні таңертең Оралдағы орталық көшелердің бірінде жол апаты болды. Салдарынан 10 жастағы қыз Toyota Land Cruiser Prado көлігінің астында қалды. Мектеп оқушысының әкесі оқиғаның мән-жайын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін Кердері көшесінің бойындағы 138- үй маңында гүл мен ойыншықтар жатыр. Тұрғындар осылай жол апатынан қаза тапқан оқушыны еске алу бұрышын жасап қойған.

"Менің қызым үйден дүкенге кәмпит алуға шыққан. Ол үйге келе жатып, жолға жүгіріп кеткен. Осы уақытта оны көлік қағып, басып өтіп кеткен. Томирис өте көңілді, ақкөңіл еді. Өз достарын қатты жақсы көретін. Жерлеу рәсімі ертең өтеді",- дейді қыздың әкесі Руслан Машакаев.
1
Фото: NUR.KZ

Қыз оқыған №7 аудандық мектеп марқұмның жанұясымен бірге қайғыруда. Білім беру мекемесінің директоры мұндай жағдай бірінші рет болғанын айтады.

"Томирис екінші ауысымда оқитын. Оның үйі мектептің жанында еді. Марқұмның жанұясына көңіл айттық",- деді №7 жалпы білім беретін орта мектебінің директоры Виктор Протасов.

Полиция департаменті рөл басқарған 47 жастағы әйел мас күйде болмағанын хабарлады. Оған қатысты бұлтартпау шарасы қабылданған жоқ. Қыз жолды белгіленбеген жерде кесіп өткен.

Қазіргі уақытта көліктің қандай жылдамдықпен жүргені, келіншектің жол апатын болдырмау ықтималдылығы тексеріліп жатыр.

Айта кетейік, 26 қазан күні Оралда 47 жастағы әйел жол талғамайтын көлікпен 10 жастағы мектеп оқушысын қағып кетті. Қыз алған жарақаттары салдарынан ауруханада қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939211-qagyp-basyp-otip-ketken-oralda-koz-zumgan-oqusynyn-akesi-zol-apatynyn-man-zaiyn-aitty/