Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте компанияға 1 млн теңгеге Iphone сатып алуды ұсынған шенеунік сот алдына келді

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкент қаласы құрылыс басқармасының бөлім бастығы Бақыт Қалымбетовке қатысты алаяқтық және пара беруге айдап салушылық бойынша қылмыстық іс қаралды. Бүгін сот үкімі шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Еңбекші аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот Бақыт Қалымбетов 2021 жылғы 23 ақпанда қалалық құрылыс басқармасының әлеуметтік бөлімін басқара отырып, компаниялардың бірінің басшысының сенімін теріс пайдалану және алдау жолымен алаяқтық жасағанын және ақшаны иемдену мақсатында оны пара беруге көндіргенін анықтады.

Ол хайуанаттар бағын қайта құрумен айналысқан фирманың қызметкерлеріне бір миллион теңге тұратын соңғы үлгідегі iPhone смартфонын қабылдау комиссиясының төрағасына сыйға тартуды ұсынған. Бұл үшін шенеунік нысанды сәтті тапсыруға уәде берген.

Нәтижесінде қымбат телефонды өзіне алған. Сот барысында шенеуніктің кінәсі толығымен дәлелденді. Үкімге сәйкес, Бақыт Қалымбетовке 35 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сот жеңілдететін жағдайларды, Қалымбетовтің кінәсін мойындағанын және шын жүректен өкінгенін ескерді. Сотталушының үкімге шағымдануға уақыты бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939226-symkentte-kompaniyaga-1-mln-tengege-iphone-atyp-aludy-usyngan-seneunik-sot-aldyna-keldi/

pixel