Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мейірімді қала - Қызылорда" қайырымдылық акциясы өтті

Опубликовано:

1
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Бүгін Қызылорда қаласында қала күні мерекесіне арналған "Мейірімді қала - Қызылорда" қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Аталған шараға қатысқан Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев "Мейірімді қала - Қызылорда" атты акцияға қолдау танытқан барша мейірімді жандарды, жәрдем ұсынған жомарт жүректі азаматтарды сүйікті қаламыздың төл мерекесімен құттықтап, алғысын білдірді.

2
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

"...Өздеріңізге белгілі, қазір әлемдік деңгейдегі пандемиялық ахуалдың дауылы Ұлы дала еліне де әсер етті. Біз ауыртпашылығы мол, қанағат пен сабырға сенер кезеңге тап болдық. Сондықтан той тойлап, думандататын сәттерден уақытша арыла тұрып, болашағымызды бағдарлауға табанды еңбек етуіміз керек. Осы ретте, қала күнінде ұйымдастырылатын жылдағы шараларды қысқартып, отшашу мен концерттерге шектеу енгізіп, қайырымдылық ісіне мән бергенді жөн санадық",- деп сөзін түйіндеді Ғанибек Қонысбекұлы.

3
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

"Мейірімді қала - Қызылорда" атты қайырымдылық шарасында тұрмыс-тіршілігі төмен 200 отбасыға көмір отыны, 1500 отбасыға азық-түлік қоржындары таратылды.

4
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Қызылорда қаласында жиі ұйымдастырылатын қайырымдылық акциясы халқымызды бірлікке, адамгершілікке, ынтымаққа шақыратын игі дәстүрге айналған.

5
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939274-meiirimdi-qala-qyzylorda-qaiyrymdylyq-akciyasy-otti/

pixel