RU

Еліміздің бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жапырақ
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 28 қазан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, батысында жел соғады, күші 15-20 м/с. Түнде және таңертең Ақтөбе облысының орталығында тұман күтіледі.

Таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігі мен батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде 28-29 қазанда Қарағанды облысының орталығында, шығысында тұман болжанады.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың солтүстік-батысында жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939288-elimizdin-bes-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalandy/