Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соңғы деректер шықты: Қазақстанның қанша өңірі "қызыл" аймақта

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

28 қазандағы жағдай бойынша, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.

Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары "жасыл" аймақта.

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1699 адам тіркелген. Олардың дені Алматы қаласы мен Павлодар облысынан.

Осылайша ел бойынша ауырғандар саны 934 387-ге жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939316-songy-derekter-syqty-qazaqstannyn-qansa-oniri-qyzyl-aimaqta/

pixel