Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір тәулікте 30 литрден астам қан тапсырған ШҚО полицейлеріне жұрт риза болды

Опубликовано:

көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында тәртіп сақшылары бір тәулікте 30 литрден астам қан тапсырды деп хабарлайды Қазақпарат.

Басылым мәліметінше, Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінде өткен "Донор күніне" 70 тәртіп сақшысы қатысқан.

Полицейлер түрлі оқиғалардан зардап шеккен адамдармен жиі кездесетіндіктен қан құюдың өмірді сақтап қалу үшін өте маңызды екенін біледі.

"Халыққа көмектесу – біздің тікелей міндетіміз. Бүгінгі акция бірнеше адамның өмірін құтқаруға септігін тигізеді деп үміттенеміз", - деді тәртіп сақшысы Айдын Бакинбаев.

Дәрігерлер донор ретінде полицейлердің өте құнды екенін атап өтті. Себебі олар денсаулығына мұқият қарайды, медициналық тексерулерден үнемі өтіп тұрады.

Жалпы, осы күні құқық қорғау органының қызметкерлері 30 литр қан тапсырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939327-bir-taulikte-30-litrden-astam-qan-tapsyrgan-sqo-policeilerine-zurt-riza-boldy/

pixel