Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда ер адамды ұрлап кеткен төрт күдікті қолға түсті

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Павлодарда ер адамды ұрлап кеткен күдіктілер Қарағанды облысында ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, Павлодар қаласының полициясына такси жүргізушісінен оның жолаушысын үш жігіт басқа көлікке отырғызып, алып кеткені туралы хабарлама 25 қазан күні 19.50-де келіп түскен.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы жергілікті тұрғынды Lada Priora жеңіл көлігіне отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткенін анықтады.

Осылайша, такси жүргізушісінің сипаттамасы бойынша бағдар жасалып, өңірдің жеке құрамы мен жақын маңдағы облыстардың полиция департаменттеріне хабар берілген.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізу нәтижесінде 26 қазан сағат 01.20 шамасында Қарағанды облысы Молодежное ауылының маңында күдіктілер қолға түсті. Оларды ұстауға Павлодар және Қарағанды облыстарының полиция қызметкерлері қатысты", – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.

Күдіктілер 2000-2001 жылғылар.

Полиция автокөлік арнайы айып тұрағына қойылғанын, аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-тармағы 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабардар етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939334-pavlodarda-er-adamdy-urlap-ketken-tort-kudikti-qolga-tusti/

pixel