Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан 29 адам көз жұмды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирус инфекциясына қатысты соңғы деректерді жария етті. Оған сәйкес, соңғы тәулікте елімізде КВИ мен пневмониядан 29 адам қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министрлік мәліметінше, соңғы тәулікте коронавирус 27 адамның өмірін жалмаса, екі адам пневмониядан көз жұмған.

Коронавирустан көз жұмғандардың көбісі ең Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген (4 науқастар).

Шымкент, Алматы қалалары мен Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында - 3 адам, Қызылорда, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында - бір адамнан көз жұмған.

Ал Түркістан, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Алматы, Атырау және Қостанай облыстарында коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939343-elimizde-songy-taulikte-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-29-adam-koz-zumdy/

pixel