RU

Әуе отыны тапшы, билет қымбаттауы мүмкін: SCAT үкіметтен көмек сұрады

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстандық SCAT әуекомпаниясы әуе отыны азайғанын мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әуекомпаниясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, еліміздің үш қаласында жағдай ушығып кеткен.

Ақтауда отын қоры алдағы төрт күнге, Ақтөбе мен Нұр-Сұлтанда екі күнге ғана жетеді, дейді олар.

"Ұшу кестесін 100 пайыз орындалуын қамтамасыз етуге тырыстық. Алайда отынның қажетті көлемін ала алмай, Қазақстандағы көптеген әуежайда компанияның жанармай қоры сарқылды", - деп делінген хабарламада..

Нұр-Сұлтан қаласынан шығатын рейстер 19 қазанда тоқтап қалудың аз-ақ алдында тұрған. Соған байланысты компания екі еселенген тариф бойынша аз мөлшерде отын сатып алған. Бірақ ол екі күнге ғана жетеді.

"Ақтау, Ақтөбе және Нұр-Сұлтан әуежайларында ұшақ керосині де таусылды", - деді әуекомпаниясы.

Ұшақ отыны өндірісі көлемінің едәуір төмендеуі тасымалдаушы компанияның аз мөлшердегі отынды әлдеқайда қымбатқа сатып алуға мәжбүр еткен.

"Бұл ұшу кестесінің толықтай үздіксіз орындалуын қамтамасыз ете алмайды. Оның үстіне билет құнына әсер етуі ықтимал. Өйткені әуе отыны билет құнының кемінде 40 пайызын алады. Яғни, жолаушы зардап шегеді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар әуекомпания шетелдік экспорттаушылар есебінен де бұл мәселені шеше алмайды. Өйткені шетел нарығында да отынға деген сұраныс жоғары.

Осы жағдайға байланысты еліміздің авиация нарығының барлық субъектілеріне әуе отынын үздіксіз жеткізу үшін үкімет шұғыл араласуы қажет, деп түйіндеді әуекомпаниясы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939360-aue-otyny-tapsy-bilet-qymbattauy-mumkin-scat-ukimetten-komek-surady/