Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан тағы бірнеше елдің вакцинация паспорттарын жарамды деп таныды

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: Smith Collection/Gado/Getty Images

Елдің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №48 қаулысы шықты, деп хабарлайды Хабар 24.

Қаулыға сәйкес, Аргентина Республикасында, Мажарстанда, Грузияда, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, Таиландта, Түркия Республикасында және Эстония Республикасында берілген азаматтардың вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп табылатын болады.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1699 адам тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939366-qazaqstan-tagy-birnese-eldin-vakcinaciya-pasporttaryn-zaramdy-dep-tanydy/

pixel