RU

Үй әйнектері мен көліктерді сындырған: Алматы облысындағы жаппай төбелес жайлы тың дерек шықты

Пенжім ауылындағы төбелес
Видеодан кадр: Instagram/angry_taldyk

Пенжім кентіндегі жаппай төбелеске қатысты тың дерек шықты. Қақтығысқа 30-ға жуық адам қатысқан деп хабарлайды Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Алматы облысының полиция департаменті 27 қазан күні сағат 20:00-де 102 пультіне Пенжім кентінде мектеп оқушылары арасындағы төбелеске қатысушылардың бірінің үйінің жанында 30-ға жуық адам жиналғаны туралы ақпарат келіп түскенін хабарлады.

Адамдар тобы бірқатар жеке үйдің әйнектерін, сондай-ақ бірнеше автокөлікті сындырған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі (адамдар тобымен жасалған бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ, сағат 22: 45-те Панфилов АПБ кезекші бөліміне Пенжім кентіндегі жаңа салынған үйлер орналасқан жердегі үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Өрт орнына аудандық полиция бөлімі мен ТЖБ кезекші жасақтары келген.

Үй иесінің айтуынша, өрт пеш жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан орын алған. Сағат 23.30 шамасында өрт ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Бұл өрттің болған оқиғаға еш қатысы жоқ.

Қазір кентте қоғамдық тәртіп қамтамасыз етілді, жағдай бақылауда.

Алматы облысының полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939378-ui-ainekteri-men-kolikterdi-syndyrgan-almaty-oblysyndagy-zappai-tobeles-zaily-tyn-derek-syqty/