Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кішкентайдан бастау керек": Белгілі блогер Түркияда бизнес жасамақ болған келіншектерге қатысты ойын айтты

Опубликовано:

Айнара Байжан
Айнара Байжан: жеке мұрағат

Блогерлік пен әлеуметтік желі дамыған соң адамдар арасында тез байып кету, тез жетістікке жету туралы ойлар қалыптаса бастағаны рас. Бүгінде байлыққа жетелейтін түрлі курс пен марафон өткізіп жатқандар да, оған бар ақшасын құйып, қатысып жатқандар да көп. Осы орайда, танымал блогер Айнара Байжан өз ойын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Мен "баю" сабақтарының түр-түріне қатыстым. Байып кетпедім. Мүмкін мұндай сабақтардың «нашар» оқушысы шығармын. Мектеп пен университетте озат болсам да... Байлық еңбекпен, қаржылық сауаттылықпен әсте-әсте келеді. Байлық жүрекке түсіп кетпесе болды…

Мәселен, Түркияға барып бизнес жасамақ болған әйелдердің оқиғасын бүкіл Қазақстан естіді. Олар да тез байығысы келген шығар. Гив жасап алдайтындар да көп.

Сондай блогерлерге таң қаламын. Адамдардың жанды жерін біліп алған. Ақшамен, үймен қызықтырып, ауқымды аудитория жинап алып алдап отырады. Қалай қорықпайды? Бірақ шынайы гивтар да бар. Алайда, қатысушы 10 000 адам болса, ұтыстар 5-6. Гив өткізгендер ақшаға кенелетін шығар. Бірақ адамдардың реніші, қарғысын қоса алып жатыр.

Түркияға барған әйелдердің жағдайы да осы әлеуметтік желінің әсерінен болды. Олар жылтырақ маркетингтің құрбандары. Ештеңе айта алмаймын. Тәжірибе алып қайтты. Сауда жасау үшін бірден Түркияға бармай, кішкенеден бастаған дұрыс қой», - деді Айнара.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1939385-tez-bayu-usin-turli-kursqa-qatystym-belgili-bloger-aielderdi-zyltyraq-omirge-qyzyqpauga-saqyrdy/

pixel