RU

Маңғыстау облысында бес әскери қызметкер жарақат алды

Жауынгерлер
Көрнекі фото: Қорғаныс министрлігі

Маңғыстау облысында оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау кезінде бес әскери қызметкер жарақат алды. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"2021 жылдың 27 қазанында Маңғыстау облысында оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау кезінде бес әскери қызметкер зардап шекті. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Зардап шеккендердің жағдайын дәрігерлер қанағаттанарлық деп бағалап отыр", - деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тексеру басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939386-mangystau-oblysynda-bes-askeri-qyzmetker-zaraqat-aldy/