Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда тұрғыны автосалонда істеймін деп біреудің қымбат көліктерін сатып жіберген

Опубликовано:

Алаяқ
Көрнекі фото: polisia.kz

Қызылорда қаласында алаяқ өзін автосалон менеджерімін деп таныстырып, жергілікті тұрғынның қымбат көліктерін сатып жіберген. Полиция қызметкерлері 27 жастағы жігітті қолға түсірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Опық жеп қалған тұрғын Қызылорда қалалық полициясына арыз түсірген.

Оның сөзінше, алаяқпен тамыз айында танысқан.

Күдікті автосалонда менеджер болып істейтінін жеткізіпті.

Ол көліктерін салон арқылы сатып беремін деп уәде еткен.

"Тексеру барысында алаяқ жәбірленушіні Toyota орталығының менеджерімін деп алдап, Tоyota Higlander және Tоyota Camry 70 маркалы автокөліктерді иемденіп алғаны анықталды. Қала тұрғынының сеніміне кіргеннен кейін, ол көліктерді сатып жіберген. Жәбірленушіге келтірілген шығын 27 миллион 600 мың теңгені құрады", - деді Қызылорда облыстық полиция департаменті.

Осы оқиғаға байланысты тәртіп сақшыларынан тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде 27 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қазір күдіктінің алаяқтықпен айналысқаны дәлелденді.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-тармағы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939400-qyzylorda-turgyny-avtosalonda-isteimin-dep-bireudin-qymbat-kolikterin-satyp-zibergen/

pixel