Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында 32 жастағы келіншек із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Опубликовано:

1
Фото: polisia.kz

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 32 жастағы Динара Рахымова іздестіріліп жатыр. Полицияға келіншектің күйеуі жүгінген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 27 қазан күні сағат 19:49-да Біржан сал аудандық полициясына Үлгі ауылының 35 жастағы тұрғыны хабарласып, 32 жастағы әйелі Динара Рахымованың жоғалып кеткенін айтқан.

Оның сөзінше, жұбайы күндіз үйден шығып, қайта оралмаған. Полицейлер хабар ала салысымен іздеу жұмыстарын бастаған.

Тәртіп сақшылары қаңырап бос тұрған ғимараттарды, маңайдағы басқа да құрылыс нысандарын қарап шыққан.

Сондай-ақ, бейнебақылау камераларындағы жазбалар тексерілді. Нәтижесінде Динара Рахымованың сағат 16:20-да Степняк-Щучинск тас жолына шығып, Щучинск қаласына бағыт алғаны анықталды.

Оның белгілері: бойы 165-170 сантиметр, шашы қара түсті, қатты ұзын емес. Көзі қара, қыр мұрынды, ерні жіңішке. Жоғалған күні үстінде ақ түймесі бар көк күрте, қара спорттық шалбар, сұр түсті бас киім мен қара кеды болған.

"Жоғалған әйел жайлы қандай да бір ақпарат білсеңіз, мына телефонға хабарласуды сұраймыз: 8 (716-39) 2-10-02, 2-17-38, 2-15-33 немесе 102", - дейді Ақмола облысының полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939413-aqmola-oblysynda-32-zastagy-kelinsek-iz-tuzsiz-zogalyp-ketti-foto/

pixel