RU

Қырғызстанда әйгілі кафе желісінде тамақтан уланғандар саны 300-ден асты

Мейрамхана
Көрнекі фото: pixabay.com

Қырғызстандағы әйгілі "Империя пиццы" желісінен тамақтанып, уланып қалғандар саны 300-ден асты деп хабарлайды 24.kg.

Бүгінде Бішкек пен Шу облысындағы медициналық мекемелерге жүгінген адамдар саны 318-ге жеткен. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ведомствоның дерегінше, зардап шеккендер арасында 40 бала бар.

"Стационарлық көмекті 43 адам алып жатыр: Теміржол ауруханасында - 17, Қалалық балалар жедел жәрдем ауруханасында- 9, Ұлттық госпитальде -17", - дейді министрлік.

Айта кетейік, 24 қазан күні Қырғызстанда "Империя пиццы" желісінен ролл жеген 12 адам ауруханаға жүгінген еді. Кейінірек зардап шеккендер саны 85-ке жетті.

Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр, соған байланысты кафенің барлық нүктесі жабылған. Олардың әрқайсысына 21 мың сом айыппұл салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939422-qyrgyzstanda-aigili-kafe-zelisinde-tamaqtan-ulangandar-sany-300-den-asty/