Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пенжімдегі жаппай төбелес: Тағы бір адамның жарақат алғаны анықталды

Опубликовано:

Пенжім ауылындағы төбелес
Видеодан кадр: Instagram/angry_taldyk

Алматы облысы Пенжім ауылында оқушылар арасында болған жаппай төбелестен тағы бір адамның зардап шеккені анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

27 қазан күні кешке Пенжім ауылында 9 және 10-сынып оқушыларының арасында жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жеткіншек зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген еді.

Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Көп ұзамай 16 жастағы жасөспірімнен бөлек, ер адамның да зардап шеккені анықталды. Дәрігерлердің сөзінше, ол ашық бас-ми жарақатымен орташа ауыр жағдайда ауруханаға түскен.

Tengrinews.kz-тің Панфилов ауданының әкімі Талғат Өмірәлиевке сілтеме жасап хабарлауынша, зардап шеккен азамат 53 жаста.

Өмірәлиевтің айтуынша, жастар ауыл ішінде жүгіріп, тас лақтыра бастағанда тастың бірі ер адамның басына тиіп кетіп, ол жарақат алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1939473-penzimdegi-zappai-tobeles-tagy-bir-adamnyn-zaraqat-algany-anyqtaldy/

pixel